---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/15/bqo-da-kenshiler-zhappaj-wlandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО-да кеншілер жаппай уланды

![БҚО-да кеншілер жаппай уланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_81839.jpeg)

**БҚО-да мұнай-газ кен орнын игерушілер жаппай уланды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Әлеуметтік желілерде Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игерумен айналысатын компания қызметкерлері жаппай уланғаны туралы ақпарат пайда болды. Денсаулық сақтау басқармасы алты адамның тамақтан уланғанын және ауруханаға жатқызылғанын растады.

Топтардың бірінде адамдардың жағдайы ауыр екені хабарланған.

> — Қосалқы мердігерлік ұйым қызметкерлері жаппай уланды. Адамдар ауруханада, жағдайы ауыр. Олардың кейбіреуі жансақтау бөлімінде жатыр, — делінген жазбада.

Денсаулық сақтау басқармасы 12 мамырда Бөрлі аудандық ауруханасына бес науқас түскенін атап өтті. Келесі күні тағы бір адам ауруханаға жатқызылан.

> — Диагнозы — тамақтан интоксикация. Қабылдау кезінде екі науқастың жағдайы ауыр болды. Олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні жағдайы жақсарған пациенттердің бірі медицина мекемесінің жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Екіншісі 14 мамырда ауыстырылды. Қалған үш науқас ауруханаға орташа ауыр жағдайда жеткізілді. Олар ем алып жатыр, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

БҚО Бөрлі ауданының әкімдігі бұл дерек бойынша тексеру тағайындалғанын атап өтті. Оны аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімі жүргізеді.

---

Жарияланды: 2021-05-15T08:43:25+06:00

Жаңартылды: 2021-05-15T08:43:25+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/15/bqo-da-kenshiler-zhappaj-wlandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.