---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/14/nazarbaev-aeset-isekeshev-pen-nurlan-ermekbaevty-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

![Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210514190332882a3788098i.jpg)

**Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Әсет Исекешев пен Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.**

Кездесуде биыл 19 мамырда өтетін Қауіпсіздік Кеңесі отырысының күн тәртібі және жиында қарастыру жоспарланған құжаттар талқыланды.

> «Аппарат Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысына материалдарды дайындады. Отырыста екі мәселе қаралады. Біріншісі – Қарулы Күштерді құру және дамыту тұжырымдамасы туралы, екіншісі – шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде. Бірінші мәселе бойынша Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, негізгі басым бағыттар мен іске асыру кезеңдері анықталды. Сондай-ақ Үкіметпен бірге қаржыландыру және Тұжырымдаманы іске асыруға қорғаныс өнеркәсібі кешеніндегі кәсіпорындардың қатысуы мәселелері қаралды», – деді Ә.Исекешев.

Өз кезегінде Қорғаныс министрі жаңа Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан армияны құрудың негізгі бағыттары туралы толық ақпарат ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына бірқатар нақты тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2021-05-14T13:27:41+06:00

Жаңартылды: 2021-05-14T13:27:41+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/14/nazarbaev-aeset-isekeshev-pen-nurlan-ermekbaevty-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.