---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/14/almaty-oblysynda-eki-aejel-16-zhastaghy-qyzdy-soqqygha-zhyqqan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды соққыға жыққан

![Алматы облысында екі әйел 16 жастағы қызды соққыға жыққан](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_81792.jpeg)

**Алматы облысында аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соқты, деп хабарлайды Qazaqpress****T****engrinews.kz****—****ке**** сілтеме жасап.**

Жасөспірім Алматы балалар ауруханасына жеткізілді.

Әлеуметтік желілерде зардап шеккен жасөспірімнің суреті тарап жатыр. Жазба сипаттамасында оқиғаның Боралдай кентіндегі «Сахарный» аялдамасында болғаны айтылған. Жәбірленушінің анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

> «Екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан, жолда кептеліс болғандықтан куәгерлер көп болу керек. Қыздың миы шайқалған. Көліктердің көбінде бейнебақылау бар, зардап шеккен қыз адамдардың видеоға түсіріп жатқанын айтқан», — делінген жазбада.

Алматы облысының полиция қызметкерлері оқиға 13 мамырда сағат 18.35 шамасында Боралдай кентіндегі Космонавт көшесіндегі аялдамада болғанын айтты.

> «Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал болып, екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан. Кейін қылмыс орнынан таксимен қашып кеткен. 16 жастағы жәбірленуші Алматыдағы № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дерек Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция өкілі.

---

Жарияланды: 2021-05-14T09:14:35+06:00

Жаңартылды: 2021-05-14T11:26:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/14/almaty-oblysynda-eki-aejel-16-zhastaghy-qyzdy-soqqygha-zhyqqan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.