---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/13/koronavirwstan-nawqas-anyqtalyp-nur-sultan-aewezhajy-abyr-sabyr-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Коронавирустан науқас анықталып, Нұр-Сұлтан әуежайы абыр-сабыр болды

![Коронавирустан науқас анықталып, Нұр-Сұлтан әуежайы абыр-сабыр болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/2021051310434316131_uezhay-kovid.jpg)

**Нұр-Сұлтан әуежайында Ashyq жобасының алғашқы күнін қорытындылады****, деп хабарлайды** **Qazaqpress****Zakon****.****kz****—****ке****сілтеме жасап.**

> — Ashyq жобасының алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының қызметкерлері төрт «сары», екі «қызыл» белгісі бар жолаушыларды анықтады. Алгоритм бойынша, «қызыл» белгісін көрсеткен жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланып, одан кейін олар ауруханаға жатқызылды, — дейді әуежайдағылар.

12 мамырдан бастап Ashyq жобасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында толығымен іске қосылып, жұмыс істеп жатыр.

> — Барлық жолаушыларға (ұшып бара жатқан) әуежайға келер алдында ұялы телефонына қосымшаны жүктеп алып, ондағы мәртебесін алдын-ала тексеру қажет екенін ескертеміз. «Сары» және «қызыл» мәртебесі бар жолаушылар терминал ғимаратына кіргізілмейді. Ұшаққа жіберілмеген жағдайда билет ақшасын қайтару туралы сұрақтар әуе компаниясына жолдануы керек, — дейді әуежай қызметі.

---

Жарияланды: 2021-05-13T07:14:45+06:00

Жаңартылды: 2021-05-13T08:35:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/13/koronavirwstan-nawqas-anyqtalyp-nur-sultan-aewezhajy-abyr-sabyr-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.