---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/12/qr-prezidenti-konstitwciyalyq-kengeske-zhuegindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚР Президенті Конституциялық Кеңеске жүгінді

![ҚР Президенті Конституциялық Кеңеске жүгінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/1553010856x5llp_1000x768.jpg)

**Конституциялық Кеңес Қазақстан Президентінің өтінішін іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress ведомствоның сайтына сілтеме жасап.**

> «Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 8 сәуірде Парламент қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
> 
> 
> 
> 
> «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес Конституциялық Кеңестің отырысына материалдар дайындау жөніндегі жұмыс басталды, онда аталған өтініш мәні бойынша қаралатын болады», — делінген хабарламада.

Конституциялық Кеңес регламентінің 5-2-тармағына сәйкес аталған мәселелерге маманданған құқық қорғау, ғылыми және өзге де ұйымдар мен азаматтар Конституциялық Кеңеске өз қорытындыларын е-mail: gulmira@ksrk.gov.kz жолдай алады.

---

Жарияланды: 2021-05-12T07:40:03+06:00

Жаңартылды: 2021-05-12T07:40:03+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/12/qr-prezidenti-konstitwciyalyq-kengeske-zhuegindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.