---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/12/ekpe-saldyrghan-taghy-bir-almatylyq-awrwhanagha-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Екпе салдырған тағы бір алматылық ауруханаға түсті

![Екпе салдырған тағы бір алматылық ауруханаға түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/2021051209305644775_ftfiadiz.jpg)

**Екпе салдырған тағы бір алматылық ауруханаға түсті,**** деп хабарлайды Qazaqpress****Zakon****.****kz****—****ке сілтеме жасап.**

Бұл туралы оның туыстары мәлімдеді. Айтуларынша, вакцинаның екінші дозасын алған 44 жастағы азамат бір тәулік бойы өзін жайсыз сезінген. Екінші күні қалшылдап ауырып, есінен танып қалған.

Ер адамды жедел жәрдем қызметі №4 қалалық ауруханаға жеткізіп, бірден жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Туыстарының сөзінше, науқас екпені жұмысынан айырылып қалмау үшін, мәжбүрлі түрде салдырған. Вакцинаның бірінші дозасынан кейін де, бас ауруы жиілепті. Сондай-ақ, антибиотикке аллергиясы бар боп шықты.

Қазір дәрігерлер жағдайдың екпемен байланысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

 

---

Жарияланды: 2021-05-12T05:33:48+06:00

Жаңартылды: 2021-05-12T07:33:46+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/12/ekpe-saldyrghan-taghy-bir-almatylyq-awrwhanagha-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.