---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/11/shqo-daghy-alapat-oertke-qatysty-kuedikti-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ШҚО-дағы алапат өртке қатысты күдікті ұсталды

![ШҚО-дағы алапат өртке қатысты күдікті ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210511095544628a3786207i.jpg)

**Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері алапат өртке қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды  Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, кеше Риддер орман шаруашылығында шыққан тілсіз жаумен күресуге 300-ден астам полицей жұмылдырылған.

> «ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығы бойынша өңірдің тәртіп сақшылары оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, халыққа көмек көрсетіп жатыр. Құтқарушылармен бірге қызыл жалынды ауыздықтауға кірісіп, Лесхоз кентінің тұрғындарын эвакуациялауда», —  делінген хабарламада.

Риддер қалалық Полиция бөлімінің жеке құрамы түгелдей күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Сондай-ақ өрт ошақтарында 40-қа жуық арнайы техника жұмыс істеуде.

> «Қазіргі уақытта аталған өрт фактісі бойынша күдікті ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, 10 мамыр күні ШҚО-дағы Риддер орман шаруашылығында өрт шықты. Дала өрті 310 гектар аумақты шарпып, 1 адам қаза тапты. Өртке байланысты шұғыл желі іске қосылды.

Мемлекет басшысы Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен Лесхоз кентінің тұрғындарына көмек көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды.

 

---

Жарияланды: 2021-05-11T10:36:47+06:00

Жаңартылды: 2021-05-11T12:31:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/11/shqo-daghy-alapat-oertke-qatysty-kuedikti-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.