---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/11/elordada-toyota-camry-awyr-zhuek-koelikting-astyna-kirip-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұр-Сұлтанда Toyota Camry ауыр жүк көліктің астына кіріп кетті

![Нұр-Сұлтанда Toyota Camry ауыр жүк көліктің астына кіріп кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210511092311888e.jpg)

**Елордада жеңіл көлік жолдың қарама қарсы бағытындағы Shacman ауыр жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының 102 нөміріне жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Әл-Фараби даңғылымен жүріп келе жатқан Toyota Camry көлігінің 51 жастағы жүргзушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, онда 32 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Shacman ауыр жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды», — делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қалалық полиция департаменті жүргізушілерді жолда сақ болып, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтау керектігін ескертеді.

 

---

Жарияланды: 2021-05-11T09:49:17+06:00

Жаңартылды: 2021-05-11T10:27:46+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/11/elordada-toyota-camry-awyr-zhuek-koelikting-astyna-kirip-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.