---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/11/almatynyng-almaly-awdanyna-zhanga-aekim-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматының Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды

![Алматының Алмалы ауданына жаңа әкім тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210511094115054e.jpg)

**Президент Әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ержан Сейтеновтің кандидатурасы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен жетінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясында мақұлданды.

Ержан Іргебайұлы 1974 жылы туған.

Х. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бітіріп, сондай-ақ магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1990 жылы Жаңақорғандағы ЖМК-11-де жұмысшы болып бастаған.

Біраз жылдар квазимемлекеттік секторда, сондай-ақ Алматы қаласының коммуналдық кәсіпорындарында басшы болды.

Сонымен қатар, жерді пайдалану мен қорғау, жасыл экономика басқармаларын басқарды.

Осы уақытқа дейін ол Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасына басшылық етіп келді.

---

Жарияланды: 2021-05-11T11:12:15+06:00

Жаңартылды: 2021-05-11T12:32:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/11/almatynyng-almaly-awdanyna-zhanga-aekim-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.