---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/10/nurlan-nyghmatwlin-zhengis-kueni-asqaq-rwh-pen-oeshpes-erlikting-merekesi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрлан Нығматулин: Жеңіс күні – асқақ рух пен өшпес ерліктің мерекесі

![Нұрлан Нығматулин: Жеңіс күні – асқақ рух пен өшпес ерліктің мерекесі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210101012716737e.png)

**Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне майдандағы жеңістері үшін алғыс білдіріп, ерлік пен батырлықтың үлгісіне айналған 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — Қазақстандықтарды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам – ерен ерліктің, асқақ рухтың және қаһармандық пен қайсарлықтың, батылдық пен бірліктің символы. Осыған орай, болашақ ұрпағына бақыт сыйлап, майдан даласында ерлік танытқан және тылда қажырлы еңбек еткен ардагерлерімізге бас иіп, тағзым етеміз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әрқашан соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне қолдау көрсетіп, майдандағы жауынгерлердің ерлігі туралы мәңгі есте сақтауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да, біздің әрқайсымыздың қасиетті парызымыз – ұлы құндылықтар – бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту, — деді Мәжіліс Төрағасы.

---

Жарияланды: 2021-05-10T06:48:05+06:00

Жаңартылды: 2021-05-10T06:48:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/10/nurlan-nyghmatwlin-zhengis-kueni-asqaq-rwh-pen-oeshpes-erlikting-merekesi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.