---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/10/grwziyada-qajtys-bolghan-qazaqstandyq-arwdyng-anasy-tbilisige-ushyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың анасы Тбилисиге ұшып кетті

![Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың анасы Тбилисиге ұшып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/6606.jpg)

**Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың анасы Тбилиси қаласына ұшып кетті, деп****хабарлайды Qazaqpress****Nur****.****kz****—****ке сілтеме жасап.**

Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың анасы Тбилиси қаласына ұшып кетті. Тергеу мәліметінше, бойжеткен зорлық әрекеттерден соң, өз-өзіне қол салған.

Nur.kz-ке сілтеме жасаған Qazaqpress.kz-тің хабарлауынша, марқұм Әсел Айтпаеваның анасына құжаттарды рәсімдеу мен билеттерді табу бойынша көмек көрсетілген. Сонымен қатар, Грузияда қайтыс болған қазақстандық арудың денесі елге апта басында қайтарылатыны белгілі болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін 5 мамырда Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында 26 жастағы Әсел Айтпаеваның жұмбақ жағдайда қайтыс болғанын жазған едік.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Әсел Грузияға бір ай бұрын ақша табуға кеткен. Ал бірнеше күн бұрын жақындарымен байланысқа шықпай қойған.

Келесі күні қазақ қызының өліміне қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

 

---

Жарияланды: 2021-05-10T07:41:01+06:00

Жаңартылды: 2021-05-10T07:41:01+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/10/grwziyada-qajtys-bolghan-qazaqstandyq-arwdyng-anasy-tbilisige-ushyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.