---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/10/aesel-ajtpaevany-oeltirdi-degen-kuediktining-swreti-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әсел Айтпаеваны өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды

![Әсел Айтпаеваны өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_81569.jpeg)

**Qumash Telegram-арнасы Грузияда өлі табылған қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлап, өзіне қол жұмсауға итермелеген күдіктінің суретін жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> — 26 жастағы Әсел Айтпаеваны өлтіріп, өзіне қол жұмсауға итермелегені үшін айыпталған күдікті осы. Оның есімі Бесик Тордуа (аудиожазбада Әсел оны Бесо деп айтты). Жасы 57-де, — делінген жазбада.

Telegram-арна Formula грузиялық БАҚ-қа сілтеме жасап, Әсел бұған дейін де жергілікті полицияға оған қоқан-лоқы жасалып, физикалық зорлық жасалғанын хабарлаған. Алайда бұдан кейін ешқандай тергеу әрекеттері жасалмаған.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/05/b6200d11778164122d1ce1b1ed8e3329-300x231.jpeg)

---

Жарияланды: 2021-05-10T13:35:01+06:00

Жаңартылды: 2021-05-10T13:35:01+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/10/aesel-ajtpaevany-oeltirdi-degen-kuediktining-swreti-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.