---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/09/toqaev-qazaqstandyqtardy-zhengis-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/1553010856x5llp_1000x768.jpg)

**Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

> **Қымбатты отандастар!**
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Бұл мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымыз үшін фашист басқыншыларына қарсы сұрапыл соғыста жеңіске жеткен батырларымыздың ерлігі мен даңқының символы.
> 
> 
> 
> 
> Ұлы Отан соғысы майданына миллионнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы Жеңіс жолында қаза тапты.
> 
> 
> 
> 
> Адамзат тарихында теңдессіз ерлік жасаған әкелеріміз бен аналарымыздың қажымас қайсарлығы, ерен еңбегі және көзсіз қаһармандығы халқымыздың жадында мәңгі сақталады.
> 
> 
> 
> 
> Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге 665 майдангер мен 100 мыңға жуық тыл еңбеккері қарсы алуда. Олардың ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмайды.
> 
> 
> 
> 
> Соғыс және тыл ардагерлеріне, барша қазақстандықтарға бейбіт тіршілік, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
> 
> 
> 
> 
> Жеңіс күні құтты болсын!

---

Жарияланды: 2021-05-09T05:33:40+06:00

Жаңартылды: 2021-05-09T05:33:40+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/09/toqaev-qazaqstandyqtardy-zhengis-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.