---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/09/nursultan-nazarbaev-zhengis-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнімен құттықтады

![Нұрсұлтан Назарбаев Жеңіс күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2020/12/15-12-2020_2-scaled.jpg)

**Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.**

> **Құрметті қазақстандықтар!**
> 
> 
> 
> 
> Жыл сайын 9 мамыр күні біз әкелеріміз бен аталарымыздың адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста көрсеткен ерен ерлігі мен қаһармандығын еске аламыз.
> 
> 
> 
> 
> Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз.
> 
> 
> 
> 
> Соғыс құрбандарына тағзым етіп, осы күнге аман жеткендерге құрмет көрсетеміз. Олардың  жауынгерлік ерлігі мен тылдағы еңбегінің арқасында біз бейбіт әрі тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.
> 
> 
> 
> 
> Отан үшін от кешкендердің ерлігін ұмытпай, оны кейінгі ұрпаққа үлгі ету – біздің қастерлі борышымыз.
> 
> 
> 
> 
> 1945 жылғы мамыр айындағы Ұлы Жеңіс ортақ мақсатқа жұмылған халықтардың ауызбірлігінің, достығы мен өзара көмегінің жарқын символына айналды.
> 
> 
> 
> 
> Бірлігі жарасқан қоғам ғана зор жетістіктерге жете алатынын халқымыз жақсы біледі. Тәуелсіздіктің отыз жылындағы тәжірибеміз – соның айқын дәлелі.
> 
> 
> 
> 
> Біз осы кезеңде қуатты әрі өркендеген мемлекет құрдық. Өзара сыйластық, тұрақтылық пен тыныштық еліміздің орнықты әрі үйлесімді дамуының кепілі болды.
> 
> 
> 
> 
> Тарихтан сабақ алып, халқымыздың бірлігін ең басты құндылық ретінде сақтап келеміз. Алдағы уақытта да солай боларына сенемін.
> 
> 
> 
> 
> Баршаңызды Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
> 
> 
> 
> 
> Мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін!
> 
> 
> 
> 
> Аспанымыз әрдайым ашық болсын!

---

Жарияланды: 2021-05-09T05:48:05+06:00

Жаңартылды: 2021-05-09T05:48:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/09/nursultan-nazarbaev-zhengis-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.