---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/09/%d2%9baza-tap%d2%9bandar-sany-bojynsha-statistikadan-asyp-ketui-zh%d3%a9nindegi-a%d2%9bparat-shyndy%d2%9b%d2%9ba-s%d3%99jkes-kelmejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қаза тапқандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

![Қаза тапқандар саны бойынша статистикадан асып кетуі жөніндегі ақпарат шындыққа сәйкес келмейді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/7e16f304fe6d11b92702cf67c421f65e_1280x720.jpg)

**ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) «COVID-19 жалпы өлім-жітімін бағалау»атты жарияланған зерттеуінде ақпаратқа қатысты айқындық енгізуде.**

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің  статистика бюросының деректеріне сәйкес 2020 жылдың қорытындысы бойынша коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандар саны 4 729 адамды құрады. 2021 жылдың 4 айында КВИ-дан қайтыс болғандар саны 1 846 адамды құрады.

Осылайша, пандемия басталғаннан бері Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болды. Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының көрсеткіштерінің дұрыс еместігі айқындалды. (ihme, АҚШ) (бұдан әрі-Институт)

Сонымен қатар, Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша 2020 жылы қайтыс болғандардың саны 2019 жылмен салыстырғанда 21,8% — ға немесе 29 124 адамға артып, 133 489 адамға қарағанда 162 613 адамды құрады. Осылайша, артық өлім-жітім 29 124 адамды құрады, бұл институттың мәлімделген көрсеткіштерін де жоққа шығарады.

Анықтама. КВИ – 4 729 адам немесе 16,2% — ды қоспағанда, адамдар басқа да өлімнен қайтыс болып жатты:  

— қан айналымы жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының аурулары, жүйке жүйесінің аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулар.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде  «COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау» денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректерге сәйкес келмейтінін хабарлаймыз.

---

Жарияланды: 2021-05-09T08:35:52+06:00

Жаңартылды: 2021-05-09T08:36:11+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/09/%d2%9baza-tap%d2%9bandar-sany-bojynsha-statistikadan-asyp-ketui-zh%d3%a9nindegi-a%d2%9bparat-shyndy%d2%9b%d2%9ba-s%d3%99jkes-kelmejdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.