---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/08/prokwratwra-grwziyada-qajtys-bolghan-qazaqstandyq-qyz-zorlanghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Прокуратура: Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыз зорланған

![Прокуратура: Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыз зорланған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_81569.jpeg)

**Грузия прокуратурасы 5 мамырда Тбилисиде өзіне қол салған 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның зорланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

Прокуратураның хабарлауы бойынша, қыздың зорланғаны тергеу барысында анықталды, оны өлтіремін деп қорқытқан. Осы себепті де қыз өзіне қол салған.

Күдікті 6 мамырда қамауға алынды. Грузия Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Прокурорлардың айтуынша, егер күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 8-10 жылға сотталады.

Бұған дейін Грузияда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі.

---

Жарияланды: 2021-05-08T08:51:35+06:00

Жаңартылды: 2021-05-08T08:51:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/08/prokwratwra-grwziyada-qajtys-bolghan-qazaqstandyq-qyz-zorlanghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.