Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Қоғам

«Ұлымды бір көруге зар болдым»: Бұрынғы күйеуі балаларын тартып алған әйел жанайқайын айтты

Ботиржон Кадиров by Ботиржон Кадиров
7 мая, 2021
«Ұлымды бір көруге зар болдым»: Бұрынғы күйеуі балаларын тартып алған әйел жанайқайын айтты
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қарағанды қаласының тұрғыны Мадина Сүлеймен бұрынғы күйеуі Марат Қалиевке қарсы өткен сот отырысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz—ке  сілтеме жасап.

Байланысты

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

Айта кетелік, Мадина Сүлеймен әлеуметтік желіде үндеу жариялап, күйеуі Марат Қалиев пен оның отбасынан түрлі қысым көргенін, күйеуінің жиі таяққа жығып, тіпті, енесінің де соққының астына алғанын мәлімдеген болатын. Жас келіншектің тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырған жоқ. Мадинаның айтуынша, заңды түрде ажырасса да, бұрынғы күйеуі тарапынан моральді және психологиялық қысым мүлде тоқтамаған.

«Бұрынғы күйеуім мені мазалауын тоқтатқан емес. Әсіресе, ақпан айының соңында одан әрі үдете түсті. Телефоннан дауыс көтеріп, балағаттап, аузына келгенін айтты. «Сен балаларды не істейсің? Сенің бала қарайтын мүлде жағдайың жоқ. Балалардан бас тарт» деп қоқан-лоққы көрсетуден шаршаған жоқ. Ал 5 наурыз күні оның балабақшадағы қызыма барғанын естідім. Қызым Жанияны да алып кетеді деген қорқыныштан қалтырап, балабақшаға қалай жеткенімді де білмей қалдым. Ол менің рұқсатымсыз қызыма келіп тұр екен. Оны алып кетпесе де, солай келгенінің өзі мені қатты қорқытты. Маған психологиялық шабуылдар жасаған соң, өзімді ұстай алмай, көлігін теуіп тастадым. Әрине, мұным дұрыс емес. Бірақ сол кезде қатты шарасыз едім. Басқа амалым болмады», — дейді Мадина.

Бұрынғы күйеуімен ажырасқан соң балалардың алдағы тағдырына қатысты сегіз рет сот отырысы өткен. Осы уақыт аралығында Мадина ортаншы ұлын көре алмай, оны елордадағы ауруханаларға бірнеше рет іздеп барады. Алайда, Марат Қалиев пен оның анасы Мадинаға ұлын көрсетпеу үшін бар амалды жасауда.

«Ұлымның тілі кеш шығуда. Соған байланысты оны елордаға емдеуге апарғанын естіп, балам жатуы мүмкін барлық емханаларды шарлап шықтым. Таппадым. Сөйтсем, сол жолы пәтерде болыпты. Кейін оның қайда жатқанын ақыры тауып, бірнеше рет білдірмей ойыншық беріп жібердім. Дәрігерлермен, қасында жатқан адамдармен байланысқа шығып, оның суретін, видеожазбасын жіберуді жалынып сұрадым. Түсінесіз бе, туған ұлымды көру үшін не істемедім? Өмірде мейірімді адамдар бар екен. Ұлыммен бір палатада жатқан келіншек бұрынғы енеме білдірмей, оны видеоға түсіріп жіберді. Ұлымның бейнесін көргендегі сезімімді жеткізе алмаймын. Оны маған мүлде көрсетпейтіні жанымды жегідей жеуде. Қазір сотта жеңсем де, бір-екі айсыз балаларымды көруге мүмкіндік жоқ. Адвокаттарымның айтуынша, Марат қайтадан аппеляция береді екен. Десе де, мен балапандарымды көретін күнді асыға күтіп жүрмін», — дейді Мадина.

Мадина отбасындағы кезекті ұрыс-керіс пен жанжалдан әбден шаршап, 17 қараша күні үйінен кетіп қалған. Ол балаларын бірден алып кетпейді, себебі, күйеуінің сәбилерді күштеп қайтаратынына сенімді болған. Сол себепті, ол заң жүзінде, сот шешімімен балаларын өзіне алу үшін күреске кіріседі. Мадинаның ортаншы ұлынан жырақтағанына 13 мамыр күні жарты жыл толады. Осы аралықта ұлын екі рет көрген. Бір рет сот белгілеген психологиялық экспертиза кезінде, екінші рет қызын алып кетуге барғанда дидарласады.

«Мен қызымды алып кеттім. Кейін психологиялық тест кезінде Марат оны екі аптаға жалынып сұрап алды. Әрине, қызымды бермеуге болатын еді. Бірақ, психолог маған теріс баға бермеу үшін әрі әкесінің шын сағынғанын көріп, балалардың да бір-бірін іздегенін ескеріп, қызымды бердім. Бірақ ол уәде етілген 25 наурыз күні Жанияны маған қайтарған жоқ. Оған 70-80 рет телефон шалдым. Жауап бермеді. Міне, енді мен екі баламды да сот арқылы алуға мәжбүрмін. Мұндайды ешбір ананың басына бермесін. Айтпақшы, сот кезінде Марат: «Қызым аш, арық, кір киім киген. Анасы мүлде қарамаған» , — деп айыптады. Мұның өтірік екенін психолог сотта растады. Ол қыз баланың ұқыпты киінгенін, тамағы тоқ болғанын және қарны ашып қалмасын деп менің қосымша құймақ пісіріп алып келгенімді айтты. Марат мені жеккөрінішті ету үшін қанша амал жасаса да, мен балаларым үшін ең соңына дейін күресемін. Тоғыз ай көтеріп, бағып-қаққан анасынан балаларды тірідей айыру үшін қандай жүрек керек екенін білмеймін», — дейді ол.

Еске сала кетейік, Мадина Сүлеймен бүгінде Алматы қаласында қызмет етуде. Бұрынғы күйеуінің ар-намысты таптағаны үшін шағым беруіне байланысты ол 20 мамырда тағы да сот отырысына қатысады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстанда «қызыл» аймаққа кірген өңірлер өзгерді

Келесі жаңалық

Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Ботиржон Кадиров

Ботиржон Кадиров

Байланысты жаңалықтар

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы
Қоғам

Көзге көрінбесе де, әрбір адам сезінетін жұмыс: Алматының жылу желілерінің апаттық қызметі туралы

26 июня, 2025
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды
Қоғам

Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12 июня, 2025
“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды
Қоғам

“Кис-Кись, іздейміз!”: Қазақстанда жоғалған мысықтарды іздеу үшін әлеуметтік геолокациялық сервис іске қосылды

12 июня, 2025
Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген  балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда
Басты

Жаңа адамдар Қостанайда алты жылдан бері жөнделіп бітпеген балалар ауруханасы үшін әділет күресін жалғастыруда

2 мая, 2025
Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды
Технология

Samsung Алматыда журналистерге және блогерлерге арнап пресс -таңғы асын ұйымдастырды

25 апреля, 2025
Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті
Қоғам

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті

23 апреля, 2025
Келесі жаңалық
Ақтөбеде банк қызметкерлері маска тағудан бас тартқан клиентті ұрған

Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

Прокуратура: Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыз зорланған

Прокуратура: Грузияда қайтыс болған қазақстандық қыз зорланған

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Малыңды сал да біліміңді ал

Малыңды сал да біліміңді ал

9 мая, 2022
Бас прокурор: Шабуылдаушыларға оқ ату Президент бұйрығынан бұрын басталды

Бас прокурор: Шабуылдаушыларға оқ ату Президент бұйрығынан бұрын басталды

5 января, 2023
Алматылық ортопедтер жүре алмаған әйелге қайта жүру қабілетін сыйлады

Алматылық ортопедтер жүре алмаған әйелге қайта жүру қабілетін сыйлады

8 октября, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.