---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/07/birtanovtyng-uejqamaq-merzimi-uzardy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзарды

![Біртановтың үйқамақ мерзімі ұзарды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_324169.jpeg)

**Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімі 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзарды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. **

> — ҚІЖК-нің 55, 56, 146, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: күдікті Біртановқа қатысты үйқамақ мерзімін сегіз айға дейін ұзарту туралы өтініш ішінара қанағаттандырылсын. Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 мамырдан бастап 2021 жылғы 14 маусымға дейін (қоса есептегенде) сегіз айға ұзартылсын. Үйқамақ шарттарын өзгерту бөлігіндегі, медициналық ұйымдарға баруды қоспағанда, тұрғын үйден шығуға толық тыйым салудан бас тартылсын, — деді тергеу сотының судьясы Айбек Әбу.

Айта кетсек, бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сотта сөз сөйлеп, тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеген болатын.

---

Жарияланды: 2021-05-06T18:36:09+06:00

Жаңартылды: 2021-05-06T18:36:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/07/birtanovtyng-uejqamaq-merzimi-uzardy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.