---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/munaj-kenishteri-onlajn-awkcion-arqyly-13-ese-qymbatqa-satylghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мұнай кеніштері онлайн аукцион арқылы 13 есе қымбатқа сатылған

![Мұнай кеніштері онлайн аукцион арқылы 13 есе қымбатқа сатылған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210506103329306e.jpg)

**Энергетика вице-министрі Жанат Жахметова орталық коммуникациялар қызметінде көмірсутектерді барлау жəне өндіру құқығына арналған онлайн аукционның нəтижелерін қорытындылады, деп хабарлайды****Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Министрлік өкілінің сөзінше, отын-энергетика кешеніндегі Е-аукцион сервисі 2020 жылдың 1 қыркүйегінде іске қосылған. Алғашқы онлайн аукцион былтыр 23 желтоқсанда өткен болатын. Ал соңғысы биыл 23 сәуірде 8 учаске бойынша ұйымдастырылған.

> «2021 жылғы 23 сәуірде өткен екінші электрондық аукционға бастапқы қол қою бонусы 713 млн теңге болатын 8 мұнай-газ учаскесі қойылды. Ал қол қою бонусының жиынтық сомасы бастапқы қол қою бонустан 13 есе асып, 9,3 млрд теңгені құрады. Көмірсутектерді барлау және өндіру үшін мемлекет ұсынатын 8 учаскенің жалпы ауданы 2 мың шаршы шақырымнан асады», деді Жанат Жахметова.

Вице-министр бұл жолы аукцион өткен залдан онлайн-көрсетілім ұйымдастырылғанын да еске салды.

> «Бұл оның Қазақстаннан да, шетелден де өтуін бақылауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, цифрлық форматта өткізілген аукциондардың мұрағаты сақталып отыр», деді министрдің орынбасары.

---

Жарияланды: 2021-05-06T11:26:23+06:00

Жаңартылды: 2021-05-06T16:57:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/munaj-kenishteri-onlajn-awkcion-arqyly-13-ese-qymbatqa-satylghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.