Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Асхат Молжігітов: Кез-келген вакцина антидене қалыптастыруға бағытталады

Ботиржон Кадиров by Ботиржон Кадиров
6 мая, 2021
Асхат Молжігітов: Кез-келген вакцина антидене қалыптастыруға бағытталады

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Асхат Молжігітов коронавирусқа қарсы вакцина алудың қаншалықты маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Байланысты

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

Коронавирусты жұқтырған кардиологиялық, созылмалы, онкологиялық аурулары бар сырқаттар оның зардабын әлі күнге дейін тартып келеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық көпбейінді ауруханасы бас дәрігерінің бірінші орынбасары Асхат Молжігітовтің айтуынша, былтыр көктемде коронавирус індеті басталған кезде дәрігерлер ковидтік госпитальдерде жұмысқа кірісті. Өңірдегі барлық ауруханалар инфекциялық стационарлар ретінде қайта жарақтандырылды.

«Ол біз үшін ең ауыр кезең болды. Өйткені ол кезде біз бұл вирустан қалай емдеу керек екенін дұрыс білмедік. Жұқтырғандар өте көп болды. Халықаралық ұсынымдар бойынша жұмыс істедік. Сырқаттанғандардың басым бөлігін емдеп жаздық, алайда, олардың барлығын, өкінішке орай, аман алып қала алмадық», — дейді дәрігер.

Асхат Молжігітов — интервенциялық аритмолог. Оның айтуынша, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, созылмалы, өкпе, онкологиялық сияқты ілеспе аурулары барлар коронавирусты ауыр өткерді. Зардабын әлі күнге тартып келеді.

«Қазіргі уақытта коронавирусты емдеудің жеті түрлі тәсілі белгілі. Соның ең тиімдісі соңғы ақпан айында Қазақстанда шыққан емдеу протоколы, біз қазір соны ұстанамыз. Ол еуропалық ұсынымдарды негізге ала отырып жасалған. Нәтижесінде COVID-19 жұқтырушылардың жазылып шығу пайызы ұлғайды», — дейді Асхат Молжігітов.

Кардиологиялық орталық коронавирус инфекциясы өршіп тұрған кезде де жұмысын бір күн де тоқтатпай, сырқаттарды қабылдады.

«Біз кардиологиялық профильді пациенттерге ем-дом жүргізіп, жүрекке ота жасауды тоқтатпадық. Жағдайға байланысты жұмысымызға өзгеріс енгізуге тура келді. COVID-19 инфекциясы бар сырқаттарымызға жаңа бөлімше аштық. Сол кезде коронавирус жұқтырған және қосымша кардиологиялық аурулары бар 10-15 адамды тәулігіне анықтап отырдық. Бұл бөлімше қазір де жұмыс істеп тұр. Бірақ сырқаттардың саны анағұрлым азайған, яғни орта есеппен аптасына 2-3 адамды ғана анықтаймыз», — дейді маман.

Қазіргі уақытта эпидемияға қарсы іс-шараларды қолдану, яғни маска тағу, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, халық көп жиналатын жиындардан бас тарту – өз нәтижесін беріп жатыр.

«Мен дәрігер ретінде тұрғындардың барлығын вакцинациядан өтуге шақырамын. Екпе салдырудың негізгі механизмі – инфекцияның ауыр түрлерінің алдын алу. Бұл дәлелденген. Толық курстан өткендер коронавирусты жұқтырған күннің өзінде жеңіл ауырады. Сондықтан бұл індеттен құтылу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру қажет. Тұрғындардың 65-70 %-ы егілуі қажет», — дейді дәрігер.

Асхат Молжігітов те коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауырып тұрғандардың бірі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Мен шілде айында коронавирусты жұқтырдым. Вакинаның алғашқы партиясы келген кезде, ақпан айында, мен бірден екпе алдым. Сол кезде менде иммуноглобулин G сол кезде 3,5-4 болды, қазір мендегі антиденелер саны 127-ге жетті.

Бұған дейін коронавируспен ауырып, нәтижесінде ағзада антидененің пайда болуы – вакцина қойғызуға қарсы көрсетілім емес. Сол себепті ауырған күннен бастап екпе салдырғанға дейін жарты жыл өтуі тиіс. Вакцина қойдыру арқылы біз олардың жұмысын күшейтеміз», — дейді ол.

Тұрғындар тарапынан вакцинацияға қызығушылық бар.

«Бізге, медицина қызметкерлеріне, вакцинацияға қарсы көрсетілімдер бар ма деп жиі сұрақ қояды. 16 жасқа дейін вакцина егілмейді және коронавируспен ауырса оларға 6 айға дейін екпе жасаудың қажеті жоқ. Екпе алмас бұрын барлығы терапевтің тексерісінен өтеді. Аллергиясы барларға, созылмалы аурумен ауыратындарға, онкологиялық және жақында ота жасатқандарға вакцина қойылмайды. Бізге бұрынғы қалыпты өмірге оралу үшін барлығын вакцина салдыруға шақырамын.

Қандай вакцина жақсы, қазақстандық па, әлде ресейлікті салғызайық па деп те жиі сұрайды. Кез-келген вакцина, ол қайда жасалмасын, ол антидене жасауға бағытталады. Сол себепті қандай да бір вакцина жақсы, енді бірі нашар деп айту дұрыс емес. Олардың барлығы бірдей жұмыс істейді», — дейді Асхат Молжігітов.

Дәрігердің айтуынша, шетелдік әдебиетте вакцина салғызғаннан кейін де коронавирусты қайта жұқтырған жағдайлар жайында айтылады. Алайда 99 %-да инфекция жеңіл өткен. Яғни, вакцина қойдырудың негізгі мақсаты –ағзамыздың антиденелерді — иммуноглобулин өндіруіне жағдай жасау. Тек осылайша инфекцияға тойтарыс бере аламыз.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ежіктеп оқитын мұғалім жұмысқа қалай алынғаны белгілі болды

Келесі жаңалық

Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды көлік қағып кетті

Ботиржон Кадиров

Ботиржон Кадиров

Байланысты жаңалықтар

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады
Денсаулық

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Денсаулық

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

2 апреля, 2026
Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды
Денсаулық

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

2 апреля, 2026
Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

30 марта, 2026
7 қалалық клиникалық аурухананың проктолог дәрігерлері ұзақ уақыт аурудан зардап шеккен науқастың өмір сүру сапасын қалпына келтірді
Денсаулық

7 қалалық клиникалық аурухананың проктолог дәрігерлері ұзақ уақыт аурудан зардап шеккен науқастың өмір сүру сапасын қалпына келтірді

27 марта, 2026
Келесі жаңалық
Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды көлік қағып кетті

Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды көлік қағып кетті

19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Абай облысында өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды

Абай облысында өрт сөндірушілер мен орманшыларға ескерткіш ашылды

8 октября, 2024
Өртте бес қызынан айырылған астаналықтар ұлды болды

Өртте бес қызынан айырылған астаналықтар ұлды болды

12 декабря, 2020
Арыста қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды

Арыста қыз зорлады деген күдікті қамауға алынды

25 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев елдің он дүркін чемпионы «Жетісу» волейбол командасының ойыншыларын қабылдады
  • Теміртаудың бірнеше шағын ауданының тұрғындары үшін көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы бірде-бір апатсыз өтті
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.