---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/ezhiktep-oqityn-mughalim-zhumysqa-qalaj-alynghany-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ежіктеп оқитын мұғалім жұмысқа қалай алынғаны белгілі болды

![Ежіктеп оқитын мұғалім жұмысқа қалай алынғаны белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/full_size_1576658968-86aae87683530bcc4eb8595c79708950.jpg)

**Түркістан облысындағы мектепте ежіктеп оқитын мұғалім жұмысқа қалай орналасқаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress****Tengrinews.kz****—****ке сілтеме жасап.**

2019 жылы 19 наурызда мектепте jumys.snation.kz-порталында бос жұмыс орындары базасына орыс тілі және әдебиеті пәніне бос орын жарияланған. Ал тіркелу мерзімі 2019 жылдың 4 сәуірде аяқталған. Осы мерзім аралығында бос жұмыс орнына орналасуға 1 үміткер — Турсынбаева Ситора Уктамбаевна тіркелген. Артынша ол 2019 жылдың 1 сәуірінде бос жұмыс орнына тест тапсыру үшін тіркелген.

Бос жұмыс орнына орналасу үшін бірінші кезең тестілеуге 2019 жылдың 17 сәуірінде қатысқан. Бірінші кезеңнен 53 балмен өткен, шектік балл 50 балл болған. Конкурстың екінші кезеңіне 22 сәуірде қатысып, комиссия қорытындысы бойынша 18 балл жинап, бос жұмыс орнына ұсынылған.

Мұғалім мектепке Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес 02.05.2019 жылы қабылданған. Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Турсынбаева Ситора Уктамбаевна 1992 жылы 11 ақпанда Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты — тәжік. Қазақстан Республикасының азаматы.

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, 2018 жылы аталған оқу орнын аяқтаған.

Еске салайық, кеше Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде орыс тілін пәнін меңгермеген, сонымен қатар ежіктеп оқитын мұғалім мектепте сабақ беретіні белгілі болды.

Tengrinews.kz-тің мәліметі бойынша, мұғалім Ынтымақ ауылындағы мектепте орыс тілі пәнінен 1 наурызға дейін сабақ беріп, кейін жүктілігіне байланысты демалысқа шыққан.

---

Жарияланды: 2021-05-06T06:29:03+06:00

Жаңартылды: 2021-05-06T10:10:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/ezhiktep-oqityn-mughalim-zhumysqa-qalaj-alynghany-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.