---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/almatyda-mas-zhuergizwshi-15-zhastaghy-qyzdy-qaghyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда мас жүргізуші 15 жастағы қызды қағып кетті

![Алматыда мас жүргізуші 15 жастағы қызды қағып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210506083253963e.jpg)

**Алматыда 15 жастағы қызды автокөлік қағып кетті,****деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «4 мамыр күні сағат 22:10-да 1982 жылғы А. мас күйде «Ауди А6» автокөлігімен Іле даңғылы бойындағы №286 ғимаратқа қарама-қарсы көлік жүретін жолдың ортасында тұрған 2006 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған Д.-ны басып кетті», — деп жазды Рустам Әбдірахманов.

Жүргізуші оқиға орнынан жаяу жасырынбақ болған, алайда оны ізін суытпай ұстайды.

> «Қыз медициналық мекемеге жеткізілді. Өкінішке орай, алған жарақатынан есін жимай көз жұмды. Айыптыға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы (ҚР ҚК 345-1-бабы 3-тармағы және ҚР ҚК 347-бабы) бойынша соталды тергеу басталды», — деп қосты Рустам Әбдірахманов.

---

Жарияланды: 2021-05-06T11:06:41+06:00

Жаңартылды: 2021-05-06T11:48:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/almatyda-mas-zhuergizwshi-15-zhastaghy-qyzdy-qaghyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.