---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/42-zhastaghy-almatylyq-ekpeden-song-qajtys-boldy-degen-kuedik-bar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 42 жастағы алматылық екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар

![42 жастағы алматылық екпеден соң қайтыс болды деген күдік бар](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/02/8qmboqis.jpg)

**Әлеуметтік желілерде Алматы тұрғыны Бақытжан Нұртазиннің өлімі жайлы ақпарат тарауда,****деп хабарлайды****Qazaqpress****.**

Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл айтады.

Вакцина алғаннан кейін қайтыс болды деген ақпараттың тарауына байланысты қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы келесіні хабарлайды:

> «Азамат Б.Нұртазин, 1979 жылы туған, а. ж. 12 сәуір күні емханаға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын алу үшін жүгінген. Процедура хаттамаға сәйкес өтті. Екпеден кейін Б.Нұртазин 30 минут бойы бақылауда болған, ешқандай шағым жасамаған.
> 
> 
> 
> 
> 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен.
> 
> 
> 
> 
> Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
> 
> 
> 
> 
> Алдын ала болжамдарға сәйкес, жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қайтыс болу себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды. Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады».

---

Жарияланды: 2021-05-06T06:17:20+06:00

Жаңартылды: 2021-05-06T06:17:20+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/42-zhastaghy-almatylyq-ekpeden-song-qajtys-boldy-degen-kuedik-bar/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.