---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/19-zhastaghy-stwdentti-koelik-ueshin-oeltirgen-kuediktiler-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды

![19 жастағы студентті көлік үшін өлтірген күдіктілер ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_81506.jpeg)

**Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтірді деген екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.kz****—****ке сілтеме жасап.**

Еске салайық, сейсенбі, 4 мамырда Бурабай ауданындағы полиция басқармасының кезекші бөліміне 45 жастағы тұрғыннан хабар түскен. Ол 3 мамырда шамамен сағат 21.00-де 19 жастағы ұлы жоғалып кеткенін айтқан. Жәбірленушінің анасы ұлы қара түсті «Мерседес-180» автокөлігімен үйден шығып, жоғалып кеткенін хабарлаған.

Бұл дерек бойынша, жедел қызмет өкілдерінің жеке құрамы жасақталып, жоғалған авто көлік іздеу жұмыстары кезінде Щучинскідегі жергілікті үйлердің бірінен табылған.

Полицейлердің мәліметінше, бұл дерек бойынша сот алды тергеу басталды. Бурабай ауданының полиция бөлімі облыстық Полиция департаментімен бірлесіп 20 және 22 жастағы күдіктілерді ұстады. Олар жасаған ісін мойындап, қылмыс қай жерде болғанын және марқұмның денесін қайда жасырғандарын айтты.

Марқұм бос уақытында такси қызметінде жұмыс істеген, күдіктілер жүргізушіні «Индрайвер» қосымшасы арқылы шақырған.

---

Жарияланды: 2021-05-06T10:42:28+06:00

Жаңартылды: 2021-05-06T11:47:02+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/06/19-zhastaghy-stwdentti-koelik-ueshin-oeltirgen-kuediktiler-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.