---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/shymkentte-zhoghalghan-3-zhasar-qyzdy-500-policej-qyzmettik-itter-izdedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте жоғалған қыз табылды

![Шымкентте жоғалған қыз табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210503021946751e.png)

**Шымкенттік полицейлер жоғалған 3 жасар қызды тауып, ата-анасына табыстады, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

2 мамыр күні Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына 1999 жылғы жергілікті тұрғын жүгініп, сол күні сағат 13:00 шамасында 3 жасар қызы үйден шығып, жоғалып кеткенін айтқан.

Баланы табу үшін Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетовтың дабыл қағуымен барлық аудандық полиция басқармасына тапсырма берілді. Іздестіру іс-шарасына департаменттің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. 500-ден астам тәртіп сақшысы аулаларды тексеріп, тұрғындардан жоғалған қыз туралы сұрастырды. Сондай-ақ іздестіруге кинологияның қызметтік иттері тартылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде кешкі сағат 22:10-да Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері «Отырар» шағынауданынан 1 шақырым жерден 3 жасар қызды аман-есен тапты.

Балдырған ата-анасына жеткізілді.

 

---

Жарияланды: 2021-05-03T11:50:26+06:00

Жаңартылды: 2021-05-03T12:18:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/shymkentte-zhoghalghan-3-zhasar-qyzdy-500-policej-qyzmettik-itter-izdedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.