---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/qyzylordada-avtokoelik-pen-motocikl-soqtyghysyp-bir-adam-awrwhanagha-tuesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті

![Қызылордада автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға түсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210503012425011e.jpg)

** **

**Қызылорда облысы Қазалы ауданында автокөлік пен мотоцикл соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды  Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға 2 мамырда сағат 12.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде болды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөліміне хабар келіп түскен.

> «Тексеру барысында көше бойында автокөлік пен мотоцикл соқтығысқаны анықталды. Соның салдарынан 1 адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта 2 көлік те айып алаңына қойылды. Жан-жақты тексеру амалдары жүргізілуде», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұдан бұрын қызылордалық ұрлаған көлігімен жол жиегінде аударылып қалды.

---

Жарияланды: 2021-05-03T11:26:49+06:00

Жаңартылды: 2021-05-03T11:26:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/qyzylordada-avtokoelik-pen-motocikl-soqtyghysyp-bir-adam-awrwhanagha-tuesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.