---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/mangghystaw-oblysynda-zhuek-koeligi-gaz-qubyryna-soghyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылды

![Маңғыстау облысында жүк көлігі газ құбырына соғылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/photo_360206-750x422-1.jpeg)

**Маңғыстау облысында ауыр техника тиелген арнайы жүк тасымалдау көлігі газ құбырына соғылды, деп хабарлайды Qazaqpress****Nur****.****kz****—****ке сілтеме жасап.**

> «Бүгін сағат 12:50 шамасында Маңғыстау ауылындағы» Бесшоқы «тұрғын үй массивіне кірер жолда ауыр техника тиелген арнайы жүк тасымалдау көлігі жоғары қысымды газ құбырына соғылып, апатты жағдай тудырды», – деп хабарлады Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жүк көлігі газ құбырын 7 метр қашықтыққа сүйреп әкеткен. Оқиға орнына коммуналдық мекеме қызметкерлері, жедел жәрдем, төтенше жағдайлар бөлімі, «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорнының мамандары жұмылдырылан. Қазір газ құбырын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

> «Аудан әкімі Рахат Тезекбайұлы Бесшоқыдағы» ауыр жүк көлігі газ құбырына соқтығысқан апат орнына барды. Ол «ҚазТрансГазАймақ мекемесінің қызметкерлеріне 5 мыңға жуық отбасы ертеңге дейін көгілдір отынсыз отыра алмайтынын ескертіп, жөндеу жұмыстарын жеделдетіп, кешке дейін аяқтауды тапсырды», – деді әкімдіктің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2021-05-03T09:55:46+06:00

Жаңартылды: 2021-05-03T10:31:52+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/mangghystaw-oblysynda-zhuek-koeligi-gaz-qubyryna-soghyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.