---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/atyraw-qalasynda-koelik-zhuergizgen-oqwshy-balanyng-anasy-zhawapqa-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Атырау қаласында көлік жүргізген оқушы баланың анасы жауапқа тартылды

![Атырау қаласында көлік жүргізген оқушы баланың анасы жауапқа тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210502235501277a3783735i.jpg)

**Атырау****қаласында****14 жасар жасөспірімнің анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды****Qazaqpress****ҚазАқпарат****қа сілтеме жасап.**

> «Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері 28 сәуірде сағат 12:00 шамасында С.Датов — Г.Канцев көшелерінің қиылысында «VIS 23470040» маркалы автокөлік жүргізушісінің қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқанын байқап, патрульдік полицейлерге бағыттама берген. Көлікті тоқтатқан полицейлер тексеру кезінде рульде 14 жастағы жасөспірімнің отырғанын анықтады. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірім ағасына тиесілі көлікті тізгіндеген», — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетсек, рульдегі жасөспірімнің кәмелет жасқа толмауына байланысты оның 1973 жылы туған анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 2-бөлігімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы), 593-бабының 2-бөлігімен (Қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін) әкімшілік хаттамалар толтырылып, 43 755 теңге көлемінде айыппұл салынған.

 

 

## 

 

---

Жарияланды: 2021-05-03T05:26:23+06:00

Жаңартылды: 2021-05-03T05:26:23+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/atyraw-qalasynda-koelik-zhuergizgen-oqwshy-balanyng-anasy-zhawapqa-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.