---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/almaty-oblysynda-ashyq-zhobasy-arqyly-koeptegen-nysannyng-zhumysyna-ruqsat-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысанның жұмысына рұқсат берілді

![Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысанның жұмысына рұқсат берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/05/210501141305708a3783470i.jpg)

**Алматы облысында Аshyq жобасы арқылы көптеген нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Ashyq жобасы арқылы келесі кәсіпкерлік орындарының жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар:

— йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес клубтары;

— спа орталықтары;

— сауналар, бассейндер;

— PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютер клубтары (16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда)

— Боулинг орталықтары;

— кинотеатрлар;

— театрлар мен филармониялар;

— шағын , меркелік залдарын, асхана сынды орындарды, фаст-фудтар мен тағам тез дайындалатын орындарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындар;

— облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;

— бильярд — ойын клубтары;

— концерт залдары;

— ерікті қатысушылар;

— караоке (2021 жылғы 5 мамырдан бастап);

— «жасыл» аймақтағы шағын , мерекелік залдары (2021 жылғы 5 мамырдан бастап) (толтырылуы бір залда 50 адамға дейін, 1 келушіге кемінде 4 ш. метр);

— көрмелер;

— океанариум;

— марафондар;

— көрермендермен спорттық іс-шаралар.

Қаулы бүгін шықты. Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Асхат Чарапиевтің 2021 жылғы 1 мамырдағы №12 қаулысы 4 мамыр күні күшіне енеді.

Еске салсақ, біз бұған дейін Алматы облысының кәсіпкерлері Аshyq қосымшасымен жұмыс істей бастағанын хабарлаған болатынбыз.

---

Жарияланды: 2021-05-03T08:12:08+06:00

Жаңартылды: 2021-05-03T09:57:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/03/almaty-oblysynda-ashyq-zhobasy-arqyly-koeptegen-nysannyng-zhumysyna-ruqsat-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.