---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/05/01/spwtnik-v-ekinshi-komponentin-saldyrw-merzimi-uzartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Спутник V» екінші компонентін салдыру мерзімі ұзартылды

![«Спутник V» екінші компонентін салдыру мерзімі ұзартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/01/photo_77598.jpeg)

**«Спутник V» вакцинасының екінші компонентін 90 күн ішінде салдыруға рұқсат етіледі, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.****kz****-ке сілтеме жасап.**

Бұл тармақ Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына енгізілді.

> «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: ең алдымен 0,5 миллилитр дозада I компонентпен, содан кейін вакцинация күнін есептемегенде 45 күннен кейін — 0,5 миллилитр дозада II компонентпен; бұл ретте 45-ші күнге II компонентпен вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елді мекенге шығу және басқалар) вакцинацияны 90 күн ішінде жүргізуге болады», — делінген қаулыда.

Вакцинацияның осы курсы 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Гам-КОВИД-Вак» вакцинасының бірінші компонентін алған адамдарға енгізілетіні хабарланды.

---

Жарияланды: 2021-05-01T09:40:09+06:00

Жаңартылды: 2021-05-01T09:40:09+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/05/01/spwtnik-v-ekinshi-komponentin-saldyrw-merzimi-uzartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.