---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/zherdi-sheteldikterge-zhalgha-berw-merzimi-uzartylmajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзартылмайды

![Жерді шетелдіктерге жалға беру мерзімі ұзартылмайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/ukvpi6kn.png)

**Шетелдік қатысуы бар 7 заңды тұлға ауыл шаруашылығы мақсатындағы 74,4 мың гектар жерді жалға алып отыр, деп хабарлайды Qazaqpress Inbusiness.kz-ке  сілтеме жасап.**

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты.

Министрдің мәліметі бойынша, 1 кәсіпорын Жамбыл облысынан ауданы 5,9 мың,  1 кәсіпорын Павлодар облысынан ауданы 32,2 мың, 1 кәсіпорын Атырау облысынан ауданы 1,6 мың, 4 кәсіпорын Ақмола облысында аумағы 34,7 мың гектарды құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді жалға алып, пайдаланып отыр.

> «Ел аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерде екі шетелдік компания жұмыс істейді. Оның бірі Шығыс Қазақстан облысында 14,9 мың, екіншісі Жамбыл облысында 3,6 мың гектар алқапты игеріп жатыр», – деді Сапархан Омаров.

Министр жалға алынған жерлер мемлекетке қайтарылатынын атап өтті.

> «Бұл жерлер жалға мораторий енгізілгенге дейін берілді. Шетелдік компаниялардың ауыл шаруашылығы жерін жалдау мерзімі 2022 және 2025 жылдары аяқталады. Жалға алу мерзімі аяқталғаннан кейін жалға беру рәсімі жаңа мерзімге ұзартылмайды», – деді министр Қанат Махамбет

---

Жарияланды: 2021-04-30T08:31:35+06:00

Жаңартылды: 2021-04-30T08:58:57+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/zherdi-sheteldikterge-zhalgha-berw-merzimi-uzartylmajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.