---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/memleket-basshysy-qazaqstandyqtardy-qazaqstan-halqynyng-birligi-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

![Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/03/telegramma-pozdravleniya_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен белгіленген бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік, өзара құрмет пен сенім сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген.

Тәуелсіздік кезеңінде негізі қаланған «әралуандығымыз – бірлікте» қағидаты Қазақстанның сан қырлы мәдениеті мен дәстүрін баға жетпес байлығымызға айналдырды. Ырыс-ынтымақ пен отаншылдық рух ұлттық кодымыздың ұйытқысы болып отыр.

Халқымыздың әділетті әрі дамыған мемлекет құрып, елімізді өркендету жолындағы мүддесі ортақ.

Біз қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің, өзара қолдау мен жасампаз еңбектің арқасында кез-келген қиындықты еңсеріп, көздеген мақсатымызға жетеміз.

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Әр шаңырақта татулық пен өзара түсіністік болсын!

---

Жарияланды: 2021-04-30T04:57:12+06:00

Жаңартылды: 2021-04-30T04:57:12+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/memleket-basshysy-qazaqstandyqtardy-qazaqstan-halqynyng-birligi-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.