---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/elbasy-koepultty-halqymyzdyng-myzghymas-dostyghy-qazaqstan-memlekettiligining-basty-tiregining-birine-ajnaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Нұрсұлтан Назарбаев: Көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды

![Нұрсұлтан Назарбаев: Көпұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210430084429a3782832d.jpg)

**Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды****Qazaqpress****Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.**

**Қымбатты отандастар!**

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын!

Бұл күн баршамыз үшін татулық пен келісімнің, патриотизмнің символы болып саналады.

Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде еліміз қол жеткізген барлық жетістіктер – Отанымыздың тағдыры үшін ортақ жауапкершілік сезіне білген күллі Қазақстандықтардың береке-бірлігінің көрінісі.

Көп ұлтты халқымыздың мызғымас достығы Қазақстан мемлекеттілігінің басты тірегінің біріне айналды.

Біздің мақсатымыз – қажыр-қайратымыз бен ертеңгі күнге деген сенімнің бастауы болған ел бірлігін бұдан да әрі көздің қарашығындай қорғау.

Тек татулықтың арқасында ғана біз басымызға түскен сынақтардан сүрінбей өтеміз.

Қазақстан халқының ырысты ынтымағы әрдайым жаңа белестерді бағындыруға жол ашады деп кәміл сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

---

Жарияланды: 2021-04-30T08:19:50+06:00

Жаңартылды: 2021-04-30T08:53:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/m%d3%99deniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/elbasy-koepultty-halqymyzdyng-myzghymas-dostyghy-qazaqstan-memlekettiligining-basty-tiregining-birine-ajnaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.