---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/ashat-ajmaghambetov-memleket-menshigindegi-zhoo-lardy-zhekeshelendirwge-bolmajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Асхат Аймағамбетов: Мемлекет меншігіндегі ЖОО-ларды жекешелендіруге болмайды

![Асхат Аймағамбетов: Мемлекет меншігіндегі ЖОО-ларды жекешелендіруге болмайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/2019061312152847144_fbd28ce95f5c3dc1ea77d4a731ced5a8.jpg)

**Мемлекет меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге болмайды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

> «Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді.
> 
> 
> 
> 
> Енді 100 пайыз мемлекеттің меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды. Демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады. Бұл заң жобасы енді Сенатта қаралады. Егер сенаторлар қолдаса, Мемлекет басшысының қарауына жіберіледі», — деп жазды министр Facebook парақшасында.

---

Жарияланды: 2021-04-30T05:54:12+06:00

Жаңартылды: 2021-04-30T05:55:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/ashat-ajmaghambetov-memleket-menshigindegi-zhoo-lardy-zhekeshelendirwge-bolmajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.