---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/almaty-meshitterining-awlasynda-zhuma-namaz-oqwgha-ruqsat-etildi-qojylatyn-talaptar-qandaj/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы мешіттерінің ауласында жұма намаз оқуға рұқсат етілді

![Алматы мешіттерінің ауласында жұма намаз оқуға рұқсат етілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/news_image_17948.jpg)

**Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматыдағы мешіттердің аулаларында жұма намазын оқуға қойылатын талаптарды жариялады — 23 сәуірдегі қаулысымен Бекшин ұжымдық қызметтерді ашық аспан астында өткізуге рұқсат берген, деп хабарлайды****Qazaqpress Nur.kz-****ке сілтеме жасап.**

Алматы қаласының бас мемлекеттік Санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 23 сәуірдегі №16 Қаулысында Діни нысандардың жұмысына қатысты: «Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (Жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни нысандар аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі», — деп көрсетілген.

Осыған орай, Алматы қаласы бас санитарының және ҚМДБ-ның Жұма намазы оқылатын мешіттерге қойған талаптары негізінде ҚМДБ төмендегі шарттарды орындауды сұрауда.

Алматы қаласы мешіттерінің ауласында жұма намазын өтуге қойылатын талаптар:

1. Жұма намазын мешіт аумағында (ашық ауада) оқу;
2. Жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою;
3. Мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу;
4. Дәретті барынша үйден алып келу;
5. Намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу;
6. Мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау;
7. Намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;
8. Мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау;
9. Дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі;
10. Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс.
11. Күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.

---

Жарияланды: 2021-04-30T09:18:26+06:00

Жаңартылды: 2021-04-30T09:32:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/30/almaty-meshitterining-awlasynda-zhuma-namaz-oqwgha-ruqsat-etildi-qojylatyn-talaptar-qandaj/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.