---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/zhwrnalister-bekshindi-internet-nasharlaghandyqtan-durys-tuesinbedi-sanepidbaqylaw/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Санэпидбақылау: Журналистер Бекшинді интернет нашарлағандықтан дұрыс түсінбеді

![Санэпидбақылау: Журналистер Бекшинді интернет нашарлағандықтан дұрыс түсінбеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_81226.png)

**Алматының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің өкілдері Жандарбек Бекшиннің «шетелдіктер Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпені** **8025 теңгеге салдыра алады» деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды****Qazaqpress**** **[**Tengrinews.kz**](https://kaz.tengrinews.kz/)**-ке сілтеме жасап.**

> — БАҚ-та шетелдік азаматтардың вакцина салдыруына қатысты тарап кеткен қате ақпарат бойынша мынаны хабарлаймыз: бұған интернеттің нашарлауы себеп болды. Яғни БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу барысында әңгіме зертханаларда жасалатын ПТР-тесттің бағасы — 8025 теңге туралы болған. Зертханалар вакцина салумен айналыспайды. Сондықтан бұл вакцинаның бағасы деген қате ақпарат тарап кеткен, — дейді ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, департамент өкілдері Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе тегін жүргізілетінін хабарлады.

Одан бөлек, екпені салдыруға тұрғылықты мекенжайы бар, оның ішінде, шетел азаматтары еңбек мигранттары, босқындар мен қандастардың құқығы бар. Уақытша тұрып жатқан азаматтар екпе салдыра алмайды.

Айта кетейік, бұған дейін журналистер Бекшиннен шетелдік азаматтардың екпе салдыруына қатысты сұрақ қойған болатын. Қаланың бас санитария дәрігері «Қазақстанда жүрген шетел азаматтары екпені ақылы түрде салдыратынын» айтқан болатын.

> — Бәріне баға ортақ. Мемлекеттік емес ұйымдар бар, олардың өз тарифі бар. Бағасы 8025 теңгеден қымбат болмауы керек. Бірақ 7500, 7000 теңгеге салдыратын жеке ұйымдар да бар. Бірақ зертханалардың көбінде оның бағасы 8025 теңгеден аспайды, — деген еді Бекшин.

 

---

Жарияланды: 2021-04-29T08:20:27+06:00

Жаңартылды: 2021-04-29T08:41:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/zhwrnalister-bekshindi-internet-nasharlaghandyqtan-durys-tuesinbedi-sanepidbaqylaw/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.