---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/qyzylordada-zhoghalghan-6-zhasar-bala-oeli-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды

![Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_81255.jpeg)

**Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Әлтаирді екі күн бойы полиция, Ұлттық гвардия, ТЖД және еріктілер іздестірді.

Баланың мәйіті 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз люгінен табылған.

> — Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда.
> 
> 
> 
> 
> Кішкентай Әлтаирдің ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамын, — деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.

---

Жарияланды: 2021-04-29T13:04:35+06:00

Жаңартылды: 2021-04-29T13:04:35+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/qyzylordada-zhoghalghan-6-zhasar-bala-oeli-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.