Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды

Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды

Қызылордада жоғалған 6 жасар бала өлі табылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлтаирді екі күн бойы полиция, Ұлттық гвардия, ТЖД және еріктілер іздестірді.

Баланың мәйіті 29 сәуірде таңертең жеке тұрғын үйдің кәріз люгінен табылған.

— Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері байқалмайды. Тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда.

Кішкентай Әлтаирдің ата-анасы мен туыстарына шын жүректен көңіл айтамын, — деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің басшысы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре.