---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/baraholka-bazary-oertendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Барахолка» базары өртенді

![«Барахолка» базары өртенді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210429102611666e.jpg)

**Алматыдағы «Барахолка» базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оның бейне көрінісі әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаметінің мәліметінше, 29 сәуір күні таңғы сағат 09:25 өрт сөндірушілер Жетісу ауданы, Солтүстік айналма тас жолы 116, «Кенжехан-1» базары мекен-жайы бойынша шақыртуға шықты.

> «Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта келді. Олар бірнеше контейнердің отқа орағанын анықтады. Оттың жапсарлас контейнерлерге таралу қаупі туындады. Дереу өрт оқпандары беріліп, автоцистерналар гидранттарға орнатылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 9 минут ішінде сөндірілді»,- деп хабарлады ведомствадан.

Өртті сөндіруге 40 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды.

---

Жарияланды: 2021-04-29T08:08:51+06:00

Жаңартылды: 2021-04-29T08:37:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/baraholka-bazary-oertendi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.