---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/aqtoebede-uejlerding-birinde-aejel-adamdy-uryp-tastaghan-kuedikti-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде үйлердің бірінде әйел адамды ұрып тастаған күдікті ұсталды

![Ақтөбеде үйлердің бірінде әйел адамды ұрып тастаған күдікті ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_81229.png)

**Ақтөбелік полицейлер үй кіреберісінде әйел адамды ұрып тастаған 33 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Оқиға 26 сәуірде сағат 16:30 шамасында болған. Белгісіз ер адам Ақтөбедегі №12 ықшамаудандағы үйлердің бірінде әйел адамның артынан келіп, жерге құлатып, ұрып тастаған.

> — Ақтөбе ҚПБ №2 қалалық полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жедел шаралар өткізіп, сол ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын қарап, нәтижесінде күдікті анықтап, ұстады. Ол Хромтау ауданының 33 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті сол күні мас күйде болғанын және ештеңе есінде жоғын айтты», — деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.

 

---

Жарияланды: 2021-04-29T08:16:32+06:00

Жаңартылды: 2021-04-29T08:39:02+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Қоғам](https://qazaqpress.kz/category/qogham/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/29/aqtoebede-uejlerding-birinde-aejel-adamdy-uryp-tastaghan-kuedikti-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.