---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/28/bekshin-arbat-nege-zhabylghanyn-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бекшин Арбат неге жабылғанын айтты

![Бекшин Арбат неге жабылғанын айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/2021042717392299892_2021042717262894537_2021033018514136838_.jpg)

**Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Арбатты жабу туралы шешімнің не үшін қабылданғанын айтты,** **деп хабарлайды** **Qazaqpress** **Zakon****.****kz****-ке сілтеме жасап.**

> «Жаяу жүргіншілер аймағында, бірінші кезекте Жібек Жолы, Панфилов, саябақ аймақтарында адамдар көп жиналатыны байқалады. Мыңдаған адам. Елде инфекция тарап жатыр.  Фотодеректер тіркелген. Тұрғындар Алмалы әкімдігіне шағымданып жатыр. Заңбұзушылық көп, оның ішінде тыныштықты бұзу және басқалары. Пилоттық жобада шектеу қандай нәтиже беретінін көруді ұйғардық. Алмалы әкімдігі шектеу санитария тұрғысынан көшелерде тәртіп орнатуға, сондай-ақ халықтың жиналу жағдайларын тоқтатуға мүмкіндік бергенін айтты. Осыған байланысты жақын арада біз Жібек Жолы көшесінде қозғалысты тоқтатуды қарастырамыз, сондай-ақ саябақтарға шектеу енгізу мәселесін қарастырамыз. Адамдар маска тағу режимін сақтамайды. Жастар 20-30 адамнан жиналады. Мұндай жағдайда коронавирус жұқтыру жағдайын тұрақтандыра алмаймыз», — деді Бекшин.

---

Жарияланды: 2021-04-28T05:17:08+06:00

Жаңартылды: 2021-04-28T05:18:05+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/28/bekshin-arbat-nege-zhabylghanyn-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.