---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/27/sqo-da-esil-tasyp-awyl-zholdaryn-shajdy-1-myng-sayazhaj-uejin-sw-basty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# СҚО-да Есіл тасып, ауыл жолдарын шайды, 1 мың саяжай үйін су басты

![СҚО-да Есіл тасып, ауыл жолдарын шайды, 1 мың саяжай үйін су басты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210427112329548e.jpg)

**Петропавл маңындағы Есіл өзенінің су деңгейі қауіпті деңгейге жақындап келеді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Мамандардың айтуынша, алдағы бірнеше күнде меже шарықтау шегіне жетеді.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-де Петропавл маңындағы Есіл өзенінің су деңгейі 1009 см-ге жетті. Бір тәулікте тек 9 см-ге ғана көтерілген. Қауіпті деңгейге дейін 41 см бар. Облыс орталығында су тасқынының шарықтау шегі, мамандардың болжамынша, бүгін-ертең өтеді.

Бұған дейін тасқын Есіл халықаралық маңызы бар «Челябі-Новосібір» күре жолын шайып кетсе, енді Заречный кентіне барар жолды су басты. Сондай-ақ мыңға жуық саяжай телімдері су астында қалды.

Қызылжар ауданы Новоникольское елді мекені маңында Есіл өзені 25 сәуірде максималды деңгей – 1346 см-ге дейін көтерілді. Енді біртіндеп түсіп жатыр. Ал одан төмен орналасқан гидрологиялық посттарда әлі де өзен суы көтеріліп келеді. Мәселен, Долматово ауылының маңында 14 см-ге көтерілген.

Облыстың шағын өзендерінде де, Сергеев су қоймасында да су деңгейі түсіп жатыр.

Үлкен Тораңғұл көлінде жағдай тұрақты. Бір тәулікте су деңгейі өзгермеген.

---

Жарияланды: 2021-04-27T07:24:49+06:00

Жаңартылды: 2021-04-27T07:33:02+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/27/sqo-da-esil-tasyp-awyl-zholdaryn-shajdy-1-myng-sayazhaj-uejin-sw-basty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.