---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/27/qordajdaghy-zhappaj-taertipsizdikke-bajlanysty-taghy-50-adamgha-sot-uekimi-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты тағы 50 адамға сот үкімі шықты

![Қордайдағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты тағы 50 адамға сот үкімі шықты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/20b4f512eb8142044dfb7b8c178b8bb8.jpg)

**Жамбыл облысы, Қордай ауданында 2020 жылы 7 ақпанда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға сот үкімі шықты деп хабарлайды Qazaqpress** **Nur.kz**—**ке****сілтеме жасап.**

Бұл іс бойынша 51 адам сот алдына келді.

Айыпталушылардың бірі кінәсі дәлелденбегендіктен ақталып шықты. Тағы 19 айыпталушы 17 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, 31 адам келтірілген шығынды өтегендіктен, 5 жылдан 1 жылға дейін шартты мерзімге сотталды.

Сотталушыларға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу, қаруды заңсыз беру, алу және алып жүру, қарақшылық, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, меншікке қарсы қылмыс жасау сынды айыптар тағылған.

Тағы бірі «құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық» бойынша айыпталған.

Бұл істе 366 адам жәбірленуші деп танылды.

---

Жарияланды: 2021-04-27T09:30:38+06:00

Жаңартылды: 2021-04-27T09:36:45+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/27/qordajdaghy-zhappaj-taertipsizdikke-bajlanysty-taghy-50-adamgha-sot-uekimi-shyqty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.