---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/26/oeskemende-koepqabatty-uejden-shyqqan-oertten-12-adam-qutqaryldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өскеменде көпқабатты үйден шыққан өрттен 12 адам құтқарылды

![Өскеменде көпқабатты үйден шыққан өрттен 12 адам құтқарылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210426104135036e-6606.jpg)

**26****С****әуір** **күні** **таңғы** **сағат****08.00****шамасында** **Өскемендегі** **Серікбаев** **көшесінде** **орналасқан** **үйдің****2-****ші** **қабатындағы** **пәтерде** **өрт** **шықты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Оқиға орнына ШҚО ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жедел келді.

Бірінші кезекте құтқарушылар түтін аймағынан 12 тұрғынды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады. Пәтерде жиһаз бен жеке заттар жанған. Өрт сөндірушілер 2 шаршы метр алаңда отты жедел түрде өшірді. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 6 техника тартылды. Пәтерден өрт сөндірушілер 1970 жылы туған ер адамды алып шықты, оған құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жедел жәрдем келген бойда термиялық күйік алған зардап шегуші медициналық мекемеге емдеуге жатқызу үшін дәрігерлерге тапсырылды.

ШҚО ТЖД Өрт сөндіру зерттеу сынақ зертханасы мамандарының деректері бойынша келеңсіз жағдайға ер адамның төсекте темекі шегуі себеп болған.

 

---

Жарияланды: 2021-04-26T08:57:24+06:00

Жаңартылды: 2021-04-26T09:31:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/26/oeskemende-koepqabatty-uejden-shyqqan-oertten-12-adam-qutqaryldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.