---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/25/elordada-zhayaw-zhuerginshi-zholynda-uelken-ojyq-pajda-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елордада жаяу жүргінші жолында үлкен ойық пайда болды

![Елордада жаяу жүргінші жолында үлкен ойық пайда болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/210425142541312e.png)

**Елордада жаяу жүргінші жолында үлкен ойық пайда болғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Осыған орай «Астана су арнасы» МКК баспасөз қызметі мән-жайды түсіндірді.

Коммуналдық кәсіпорын мәліметінше, кеше сағат 17:08-де Тәуелсіздік пен Қажымұқан Мұңайтпасов көшелерінің қиылысында, жолдың жаяу жүргінші бөлігінде орналасқан диаметрі 800 мм-лік кәріз коллекторында шұңқыр пайда болған.

> «Шұңқыр көлік қозғалысына кедергі келтірмейді және таяу маңдағы үйлерді сумен жабдықтау жүйесінен ажырату жоспарланып отырған жоқ. Қазіргі уақытта «Астана су арнасы» кәсіпорынының апаттық бригадасы коллекторды және жолдың жаяу жүргінші бөлігінің жабындысын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Орын алған уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», — деді «Астана су арнасынан».

---

Жарияланды: 2021-04-25T13:09:34+06:00

Жаңартылды: 2021-04-25T13:09:34+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/25/elordada-zhayaw-zhuerginshi-zholynda-uelken-ojyq-pajda-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.