---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/25/daerigerler-buqar-zhyraw-tawers-turghyn-uej-kesheni-kuezetshisining-zhaghdajy-twraly-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дәрігерлер «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайы туралы айтты

![Дәрігерлер «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісінің жағдайы туралы айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_359408.jpeg)

**«Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісінің аяғын оқ тесіп өткен. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері айтты, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.****kz****-ке сілтеме жасап. **

«Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адам мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқан еді.

> «Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, барлық қажетті терапия жасалады. Ол тесіп өткен жарақат алған. Барлық жедел шара жүргізілді», — деді басқарма өкілдері.

Айта кетейік, 24 сәуірде күндіз Бұқар жырау бульварындағы «Бұқар жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адам (сол пәтерде тұруы мүмкін) мен күзетші арасында жанжал болып, нәтижесінде ер адам аңшы мылтығымен күзетшінің аяғынан атқаны хабарланған еді. Желіде оқиғаның видеосы жарияланған болатын. Артынша оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті.

Кейін күдіктінің пәтерде тығылып жатқаны хабарланған болатын. Қарулы адам келіссөзден бас тартып, баспалдақ аумағына қарай 10-нан аса оқ атқан.

Арнайы операция аяқталғанға дейін ҚР ҚК-ның 293-бабы «Бұзақылық» бойынша іс қозғалған.

---

Жарияланды: 2021-04-25T07:44:53+06:00

Жаңартылды: 2021-04-25T07:44:53+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/25/daerigerler-buqar-zhyraw-tawers-turghyn-uej-kesheni-kuezetshisining-zhaghdajy-twraly-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.