---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/24/aqtoebede-eki-er-adam-taksi-zhuergizwshisin-oeltirip-onyng-koeligimen-zhol-apatyna-tuesken/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен жол апатына түскен

![Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен жол апатына түскен](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_81028.png)

**Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол апатын жасаған, деп хабарлайды****Qazaqpress Polisia.kz-****ке сілтеме жасап.**

Полицияға Hyundai автокөлігінің жүргізушісі қашықтық сақтамай, алда келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

> «Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған көліктің орналасқан жері анықталды. Оның қозғалыс жолын ЖБО-ның операторы рация бойынша полиция нарядтарына хабарлады. Патрульдік экипаждардың бірі көлікті тауып, жүргізушіден қозғалысты тоқтатуды талап етті, бірақ ол бағынбай, жасырына бастады. Полиция қуғынынан қашуға тырысқан тәртіп бұзушы қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Land Cruiser-200 автокөлігімен соқтығысты», — деді Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының бастығы Бауыржан Атабаев.

Мас күйде көлікте екі ер адам болған, олардың біреуі 19, екіншісі 37 жаста. Деректер базасын тексеру барысында көлік құралы басқа адамға тиесілі екені анықталды. Сондықтан полицейлер ұсталғандарды тергей бастады.

Көлікті тексеру кезінде рөл мен поликтердегі қоңыр дақтар күдік тудырған. Дақтар артқы орындықтың жамылғыларында да болды, кейінірек полиция қызметкерлері салоннан қанды пышақ тапты. Кейін ұсталғандардың бірі бірнеше сағат бұрын жүргізушіні өлтіріп, осы көлікті ұрлап кеткенін мойындаған.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі «Адам өлтіру» және 192-бабы 3-бөлігі «Қарақшылық» бойынша соталды тергеу жүріп жатыр. Қылмыс жасаған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

<https://youtu.be/JrEanpNL1cg>

---

Жарияланды: 2021-04-24T08:43:26+06:00

Жаңартылды: 2021-04-24T08:43:26+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/24/aqtoebede-eki-er-adam-taksi-zhuergizwshisin-oeltirip-onyng-koeligimen-zhol-apatyna-tuesken/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.