---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/23/qazavtozhol-ulttyq-kompaniyasyna-zhanga-basshy-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды

![«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/2021042222022218344_as-ar-marat-ly.jpg)

**Асқар Маратұлы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды**, **деп хабарлайды****Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Маратұлы 1976 жылы дүниеге келген. Бұрынғы Семей облысының тумасы. Шығыс Қазақстан техникалық университетін (инженер-экономист) және Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін (инженер) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментінің инспекторы болып бастаған. Әр жылдары «Қазақавтожол» РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып қызмет еткен.

2007-2012 жылдары-Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2012-2015 жылдары — Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

2015-2017 жылдары — Зеренді ауданының әкімі.

2017-2019 жылдары — Ақмола облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Бұл тағайындауға дейінгі лауазымы — Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

---

Жарияланды: 2021-04-23T03:52:47+06:00

Жаңартылды: 2021-04-23T03:52:47+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/23/qazavtozhol-ulttyq-kompaniyasyna-zhanga-basshy-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.