---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/22/toqaevqa-elimizdegi-blokchejn-tehnologiyalardyng-damw-zhajy-bayandaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаевқа еліміздегі блокчейн-технологиялардың даму жайы баяндалды

![Тоқаевқа еліміздегі блокчейн-технологиялардың даму жайы баяндалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/2021042117261513954_islambek-s-lzhanov-blokcheyn.jpg)

**Мемлекет басшысы Қазақстанның блокчейн-технологиялар ассоциациясының басшысы Исламбек Салжановты қабылдады**, **деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды.

> — Исламбек Салжанов іске асырылып жатқан нақты жобалар жайында, сондай-ақ, Үкіметпен бірлесе отырып аталған салаға халықаралық компаниялар мен инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орындалған жұмыстар туралы мәлімет берді. Ассоциация басшысының сөзінше, бұл елімізде көптеген жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал, салық саясатына енгізілетін кей өзгерістер ел бюджетіне қосымша түсім әкеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жаңа технологияларды экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.

---

Жарияланды: 2021-04-22T05:38:24+06:00

Жаңартылды: 2021-04-22T05:38:24+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/22/toqaevqa-elimizdegi-blokchejn-tehnologiyalardyng-damw-zhajy-bayandaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.