---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2021/04/21/eks-ministr-elzhan-birtanovqa-uejden-shyghwgha-ruqsat-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Экс-министр Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді

![Экс-министр Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2021/04/photo_324169.jpeg)

**Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты үй қамақ мерзімі ұзарды, алайда белгілі бір уақытқа үйінен шығуына рұқсат берілді, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Ақпаратты Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко растады.

> — Санкция бойынша, екі аптаға созылды, 14 мамырға дейін. Үйден 08.00 мен 19.00 аралығында шығуына рұқсат етілді, — дейді адвокат.

Ақпанда экс-министрдің адвокаты үй қамақта жатқан Біртановқа шаштаразды кіргізуге тыйым салынғанын айтқан болатын.

Еске салайық, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2021/04/birtanov-1024x590-1-300x173.jpg)

---

Жарияланды: 2021-04-21T13:08:04+06:00

Жаңартылды: 2021-04-21T13:08:04+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2021/04/21/eks-ministr-elzhan-birtanovqa-uejden-shyghwgha-ruqsat-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.